Текст
11 қарашада "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын жүзеге асыру аясында 1-4 сыныптарда "15 қараша – Ұлттық валюта - Теңге күні" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты: оқушыларға ұлттық валюта – теңгенің, елдің әлемдік қоғамдастықтағы рөлі мен орнын анықтауға көмектесу, қазақстандық патриотизмді, елдің мәдениеті мен тарихи өткеніне деген құрмет пен қызығушылықты тәрбиелеу. Сынып сағаты барысында балалар "Ақша қайдан пайда болды?", "Оларды кім ойлап тапты және не үшін?" сұрақтарын талқылап, ұлттық валюта - теңгенің пайда болу тарихымен танысты, қолданыстағы және айналыстан алынған купюралар мен монеталардың үлгілерін қарады.
Бастауыш сынып мұғалімдері