Мерекенің құрметті қонақтары ретінде:
-мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы - Ким Наталья Никаноровна,
Жамбыл ауылдық округінің әкімі - Гуйван Владимир Владимирович,
ЖШС және шаруа қожалықтарының басшылары -Галюк Татьяна Анатольевна мен Малгаждаров Аяган Тлеукобылович қатысты.
Мектеп бұл маңызды шараға қолдау көрсеткен демеушілерге шынайы алғысын білдіреді:
«Агро-LAKE» ЖШС - 250 000 теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетті, «Айнур» шаруа қожалығының басшысы Малгаждаров А.Т. - 50 000 теңге бөлді.
Бұл қаражат жазғы демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталады. Бұл жаңалық балалар мен ата-аналар үшін үлкен қуаныш болды.
Мерекелік бағдарлама шығармашылық қойылымдардан, алғыс сөздерден, мақтау қағаздарын табыстаудан және түлектер мен барлық оқушыларға арналған ізгі тілектерден тұрды.
Осы ерекше күні жанымыздан табылған барлық жандарға шын жүректен алғыс айтамыз. Балаларға деген қолдау мен қамқорлық - олардың бақытты, қауіпсіз әрі жарқын жазғы демалысының кепілі!17:23

