9 қыркүйекте 5-7 сынып оқушыларымен " Сен білесің бе?" викториналық ойын өткізілді.
Барлық қатысушылар топтарға біріктіріліп, өз командасына атауын қойып, капитанды таңдады.
Викторина 5 байқаудан тұрды - Бәйге (Қазақстан туралы сұрақтар), ұйқас құрастыру, Отан, тіл, отбасы туралы мақал-мәтелдерді толықтыру, үш тілде жұмбақтар табу, ал "үш қалпаққа" тіл білгірлері тілдер күні мен отбасы күнін мерекелеуге байланысты сөздерді салды.
Барлық байқауларда қатысушылар өздерінің білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті.
Нәтижесінде орындар келесідей бөлінді:
1 орын - "Комета" командасы; 2 орын - "Little stars"; 3 орын "Ақылдылар" командасы.
Барлық қатысушылар қатысқаны үшін тәтті сыйлықтар алды.
Грамоталар жабылу жиынында беріледі.
Барлық қатысушыларды құттықтаймыз және оқуда сәттілік тілейміз.