Текст
"2025 жылғы жазғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру, демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру" бағдарламасын іске асыру шеңберінде 9-13 маусым аралығында 1-9 сынып оқушыларымен мектеп аумағы мен мектеп жанындағы учаскені абаттандыру және көгалдандыру бойынша іс-шаралар өткізілді.
Жұмыс басталар алдында қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізілді.
Келесі жұмыс түрлері орындалды: гүлзарлар мен жылыжайларды арамшөптерден тазарту, қоқыс пен шөптерді шығару, гүлдер мен гүлзарларды суару.
Балалар белсенділік пен еңбекқорлық танытты.
Жауапты мұғалім: Терзиди С. П.