"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің Приозерное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес келесі мемлекеттік қызметті көрсетеді:
1. "Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейінгі) балаларды кезекке қою", "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес "Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.06.19 № 254 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі білім беру саласында.
Мемлекеттік қызметтерді "электрондық үкімет" веб-порталы, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) арқылы алуға болады.
"Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейінгі) балаларды кезекке қою" мемлекеттік қызметін алу үшін баланың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды ұсынады:
"Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мынадай құжаттар қажет:
1) Қағидаларға 1 және 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) баланың туу туралы куәлігі (сәйкестендіру үшін);
3) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (ата-анасының бірі (сәйкестендіру үшін);
4) әскери қызметшінің немесе арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерінің жұмыс орнынан берілген, уәкілетті тұлғаның қолымен расталған анықтама;
5) білім беру ұйымы басшысының қолымен және мөрімен расталған педагогтің жұмыс орнынан анықтама (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды), дипломның сканерленген көшірмесі;
6) Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (бар болса);
7) фтизиатор - дәрігердің қорытындысы;
8) мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекте жолдама алу мүмкіндігін растайтын құжаттар.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
Кезекке қою туралы хабарлама (еркін нысанда) не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсы, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтер, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында көрсетілген www.edu.gov.kz "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары: 1414,88000807777.
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.