Текст
Білімдегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында 1-сынып оқушыларына арналған математика пәні бойынша жазғы мектепте «Есептер шығару» және «Теңдеулер» тақырыптары қарастырылды. Есептермен жұмыс барысында балалар мәтінді талдап, шарты, сұрағы мен берілгендерін анықтап, шешу тәсілін таңдап, жауабын жазды. Теңдеулерді оқыту барысында оқушылар белгісіз сан ұғымымен жұмыс істеп, қосу мен азайту амалдарын қайталап, кері амалдарды орындады. Оқыту үдерісі ойын түрінде, көрнекі материалдарды (суреттер, карточкалар) және практикалық тапсырмаларды қолдану арқылы жүргізілді. Бұл оқушылардың сабаққа белсенді қатысуына және оқу материалын жақсы меңгеруіне ықпал етті.