Текст
Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған тілдер онкүндігі салтанатты түрде жабылды. Салтанатты жиында мектеп директоры Анапин С.К ана тіліміздің мерейлі мерекесімен құттықтады. Іс- шараларда ең үздік деген атпен бағаланған сынып, ашық сабақтар мен тәрбие жұмыстарға белсене қатысқан оқушылар мадақтама және алғыс хаттарымен марапатталды. Осындай өткізілген іс-шаралар бала тәрбиесіне, тіліміздің мәртебесінің артуына дұрыс ықпал ететіні сөзсіз.