Текст
28 сәуірде біздің мектепте Жас қозғалыс инспекторлары отрядтарының слеті өткізілді. Cлеттің мақсаты: балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу жөніндегі жұмысты жетілдіру және балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу проблемаларына мүдделі ведомстволардың, ұйымдар мен жұртшылықтың назарын аудару. Мектеп оқушылары велосипедтерде әртүрлі тапсырмалармен кедергілерден өтті: "Слалом" кедергісі, "Тар жол" кедергісі, "S-жол" кедергісі. Балалар кезеңдерге қуана қатысты, соңында тәтті сыйлықтармен марапатталды. Балалар, жолдарда абай болыңыздар!
Директордың ТЖ жөніндегі орынбасары С.В.Жмурко
Мектептің аға тәлімгері Сергеева Н.О.