Текст
7.10.24 ж. 1 сынып оқушыларымен "Табиғи материалдардың түрлері және оларды сақтау шарттары"тақырыбында еңбек оқыту пәні бойынша сабақ-экскурсия өткізілді.Оқушылар табиғи материалдармен және олардың алуан түрлілігімен танысты.Табиғи материалды сұрыптауды үйренді.Гербарий үшін жапырақтарды кептіру бойынша практикалық жұмыс жүргізілді.Табиғатты қорғау мен оған ұқыпты қараудың маңыздылығын талқылады.Балалар әрқайсысы табиғатқа күнделікті өмірде қалай көмектесе алатындығы туралы өз идеяларымен бөлісті (мысалы, қоқыс тастамау, ағаш отырғызу). Экскурсия балаларда көптеген жағымды эмоциялар тудырды және олардың табиғатты танудағы практикалық дағдыларын дамытуға ықпал етті.
1 - сыныптың сынып жетекшісі: Анапина Р. А