Текст
Мектебіміздің оқу залында "Халықтарды біріктірген ел. Бір шаңырақ астында" атты қызықты кітап көрмесі өтті.Оқушылар Қазақстанда тұратын әртүрлі ұлттардың салт-дәстүрлері мен мәдениеті жайлы кітаптарды қызығушылықпен қарап, үзінділер оқып, өз әсерлерімен бөлісті. Олар бір-бірін құрметтеп, татулықта өмір сүрудің маңыздылығы туралы әңгімелесті.
Бұл көрме балаларға еліміздің – түрлі ұлт өкілдеріне ортақ үй екенін тереңірек түсінуге көмектесті. Ал "шаңырақ" – бұл бірлік пен достықтың символы.
Кітапханашы: Шоқаева С.О.