"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Приозерное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Приозёрное отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Әріптер кеші»

Тіл – халықтың көрнекті жетістігі және оның ажырамас қасиеті.

5 қыркүйек – Қазақстанның барлық халықтары үшін ортақ мерекеге айналған айтулы күн. Осы күнді мерекелеу аясында мектебімізде Қазақстан халықтарының тілдері күнін мерекелеу онкүндігіне арналған іс-шаралар қызықты әрі тартысты өтті. «Әріптер  кеші» костюмдік іс-шараға барлық бастауыш сынып оқушылары мен сынып жетекшілері қатысты, олар өз оқушыларымен тамаша жұмыс жасады, ал ата-аналар киімдер тікті.

Бұл керемет іс-шара  көңіл-күйін көтеруге ғана емес, шығармашылық қабілеттерін де көрсетуге мүмкіндік берді. Шараға қатысушылар үш тілді меңгеру, грамматиканы білу сайыстарына қатысып, өздерін ақын ретінде де сынап көрді.Оқушылар мерекеге риза болып, шараны жақсы көңіл-күймен аяқтады.

Бастауыш сынып мұғалімдері

Жаңартылған күні: 18.09.2022 00:44
Құрылған күні: 18.09.2022 00:44

Текст