Текст
Жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде Қазақстанда Отбасы күні атап өтіледі. Отбасы институтын сақтау және нығайту мәселесі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады.
Мереке қарсаңында отбасылық құндылықтарды насихаттау және нығайту мақсатында "Менің отбасым - Менің бекінісім" атты фото-көрме ұйымдастырылды.